Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Жолдар жабылады

Астанада жыл он екі ай дамыл жоқ. Демалыс күндері тағы да қаланың ірі көшелері жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылады. Демек, сол жағалауда әдеттегідей кептелістің көкесі болады. Себебі алдағы уақытта бас қалада бірнеше халықаралық саяси жиындар жоспарланыпты. Осыған байланысты күштік құрылымдар қызу дайындыққа кірісіп, қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Ал бүгін таң атысымен Астана аспанында тікұшақтар арлы-берлі бірнеше рет ұшып өтті. Тұрғындар көк байрағымызды желбіреткен арнайы техникалардың видеосын желіге де жүктеп үлгерді. Мемлекеттік күзет қызметінің дерегінше, бұл әскери авиацияның оқу-жаттығу шаралары екен. Даурығуға да негіз жоқ көрінеді.

← Барлық жаңалықтар