Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Елімізде әр 4 баланың артық салмағы бар

Елімізде әр жетінші оқушы күн сайын газдалған сусын ішеді, ал әрбір төртінші балада артық салмақ бар.

Астанада өткен жиында жас ұрпақтың денсаулығы, олардың дұрыс тамақтануы талқыланды. Осыған орай жауаптылар мектептерде салауатты өмір салтын насихаттаудың бірыңғай жүйесін енгізбек. Қазірдің өзінде республикадағы сегіз мыңнан астам білім ошағы «Саламатты мектеп» бағдарламасын іске асырып жатыр. Бастама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес жұмыс істейді.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

2025 жылдың қаңтарынан бастап жаңа мектептегі тамақтану стандарттары енгізілген болатын. Сол стандарттар бойынша мектептегі қанттың мөлшері 3 есе, тұздың мөлшері 5 есе азайтылды.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар