Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Жолда қауіпті маневр жасаған жүргізуші жазаланды

Жолаушының қылығы үшін жүргізуші жауапқа тартылды.

Түркістан облысында жеңіл көлікте отырғандардың бірі трассада есікті ашыпты. Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң полиция тиісті тексеру жүргізді. Нәтижесінде қасында отырған жолаушыға ие бола алмағаны үшін көлік иесі әкімшілік жауапқа тартылып, темір тұлпары айыптұраққа қойылды.

Көлік жүргізушісі:

Алфардтың иесімін. Жолаушы тасымалдау кезінде ереже бұзғаным рас. Өз айыбымды мойындаймын. Қазіргі таңда көлігім айыптұраққа қойылды.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар