Мазмұнға өту
· 23 қаралым

ЖИ дәуіріндегі білім беру жүйесі талқыланды

Жасанды интеллект дәуірінде білім беру, оқыту жүйелері қалай қалыптасуы керек?

Цифрлық технологиялардың маңызы қандай? Алматыдағы мектептердің бірінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық форумда осы сұрақтар талқыланды. Жиында Өзбекстаннан келген білікті мамандармен бірге отандық педагогтер саладағы заманауи тәсілдер жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар озық тәжірибелерін бөлісіп, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдістемелер мен инновациялық шешімдерді қарастырды.

Нұрбек Өтебаев, №107 лицейдің директоры:

Бұл жерде біз жас мамандарға басымдық қойдық. Ауданымыздағы жас мамандарды шақырдық. Бұл жерде ең бастысы — ЖИ-ға промптты дұрыс құра білсе, әріптестеріміз керекті дүниелерді алып шығады. Ол міндетті түрде сабақ барысында оң нәтижесін береді. Уақыт үнемдеуге септігін тигізіп жатыр.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар