Жол ортасында көз жұмды. Аяқ астынан көлігі бұзылып, тоқтауға мәжбүр болған жүргізуші қаза тапты. Қайғылы жағдай Астанада Рақымжан Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында болған. Машинасынан түсіп, жүксалғышын қарап тұрған ер адамды кроссовер қағып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Әзірге апаттың нақты мән-жайы белгісіз. Оқиғаға қатысы бар автокөлік арнайы тұраққа қойылып, қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде.
ДАМИР АМРЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Tucson маркалы автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.