Астанада түн ортасында белгісіз біреулер көшеде жүрген жігітті әскерге күштеп әкетпек болған. Видео авторының айтуынша, өздерін әскери комиссариаттың өкіліміз деп таныстырған бейтаныс үш адам елордалық азаматты қоршап алған көрінеді. Әлгілер оның аты-жөнін атап, соңдарынан еруді талап еткен. Жас жігіт армияға жарамсыз екенін айтса да, оны құлақтарына ілмеген. Алайда тұрғын бейнекамераны қосып, полиция шақыратынын ескерткенде, әскери комиссариатпыз дегендер беттерін жасырып, қашып кеткен. Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары тексеруді бастады.