Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі артып келеді

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 50 миллиард долларға жуықтаған.

Ал биылғы алты айдағы көрсеткіш 27 миллиард долларға жетті. Осы тұста Президент алдағы міндеттердің бірі – өзара сауда көлемін 100 миллиард долларға жеткізу екенін атап өтті. Өзге салаларда да жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Мысалы, бүгінде қытайлық серіктестерімізбен бірлескен 260 жоба жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар – өнеркәсіп, машина жасау, энергетика және жоғары технология.

Одан бөлек, көлік-логистика саласындағы байланыс та күшейіп келеді. Аспан асты елінен Еуропаға бағытталған құрлықтағы транзиттің шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. 2025 жылы теміржолмен 35 миллион тоннадан астам, автокөлікпен 8 миллион тонна жүк тасымалданған. Сонымен қатар қос тарап жасанды интеллект, цифрландыру және жасыл энергетикаға арналған бірлескен жобаларды дамытуға ниет білдіріп отыр.

Жанар Арғын

← Все новости