Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Өскеменде көлік ұрлығы көбейді

Өскеменде автокөлік ұрлығы күрт көбейді.

Өскемен

Қалалық прокуратураның мәліметінше, қылмыс саны бірден 25 пайызға артқан. Мамандар бұған ең алдымен көлік иелерінің салғырттығы себеп дейді. Көпшілігі мәшинесін ашық қалдыруды әдетке айналдырған. Тағы бір қауіпті үрдіс: ішімдік ішкен жүргізушілер рөлге өздері отырмай, танымайтын адамдарға сеніп тапсырады. Ал мұндай сәтті мүлт жібермейтін ұрылар көлікті оңай айдап әкетеді. Өкінішке қарай, осындай немқұрайлылықтың салдарынан жақында қайғылы оқиға болған. Осыған байланысты қадағалау органы тұрғындарды аса сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Руслан Ахметжанов, Прокурор:

Көлікті айдап кеткен адам Аблакетка кентінде жүріп, бетпе-бет соқтығысуға жол берген. Салдарынан көлік ұрлаушы да, қарсы бағыттағы жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды.

← Все новости