Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Әлеуметтік қорғауға мұқтаж мамандар

Биыл Қазақстанның зертханалық қызметіне 105 жыл.

Осы айтулы датаға орай еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саласының 700-ден астам маманы Алматыға жиналды. Біз ішетін судың тазалығы мен тағамның қауіпсіздігін қадағалайтын қызметкерлер саладағы өзекті мәселелерді талқылауда.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

Соңғы жылдары Үкімет санитариялық-эпидемиологиялық жүйені жаңғыртуға біраз шаралар жүргізіп жатыр. Осы 4 жылдың ішінде 70 шақты зертхана күрделі жөндеуден өтті. Осы бір жылдың ішінде жаңадан екі зертхана ашылған болатын. Біреуі Түркістан облысында, өткенде ғана Түркістан облысының орталығында ашылған. Бүкіл халықаралық стандарттарға сай.

Отандық санитариялық-бактериологиялық зертханалар желісінің тарихы 1921 жылдан басталады. Алғашқы орталықтар Орынбор, Ақмола және Орал қалаларында ашылған. Ғасырдан астам уақытта бұл сала қарапайым бактериологиялық зерттеулерден озық молекулярлық-генетикалық технологияларға көшті. Бүгінде мамандар азық-түлік қауіпсіздігінен бастап, қауіпті індеттердің алдын алумен айналысады. Жиында кадр тапшылығы да сөз болды. Қазіргі таңда медициналық университеттерде кезінде жабылып қалған факультеттер қайта жанданып, студенттерді қабылдай бастады. Сонымен қатар ауылдық жерлерге баратын жас мамандардың әлеуметтік мәселелерін шешу де күн тәртібінде.

Марал Рақымжанова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары:

Медициналық қызметкерлерге әлеуметтік көмек, көмір беріледі. Жаңағы 7-9 миллион теңге ақша беріледі. Жаңа дипломмен ауылға келген мамандарға. Біздің мемлекеттік қызметкерлерге ондай көмек қарастырылмаған. Соны беру керек деп санаймын.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости