Қазақстан Қарулы күштері Танк әскерлерінің күнін атап өтті.
Мерекенің тарихы сонау 1942 жылдың 15 қыркүйегінен басталады. Сол күні Шымкент теміржолының жас еңбекшілері майданға «Қазақстан комсомолдары» деген жазуы бар Т-34 танкін тапсырған. Бүгінде танк бөлімшелерінің мамандары заманауи әскери техниканы меңгеріп, ұрыс жүргізудің жаңа тактикалық тәсілдеріне машықтануда. Офицерлер Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында, ал кіші мамандар арнайы оқу орталықтарында даярланады. Бронды техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын «Семей инжиниринг» кәсіпорны атқарады.
Нұржан Слямбеков, ҚР Қорғаныс министрлігі танк батальонының командирі:
Танкист болу үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңда жауынгерлік даярлықты жоғары деңгейде ұстап, дәстүрлі мерекені жалғастыру маңызды. Бүгінде біздің әскери бөлімде штаттық оқу-жаттығу жалғасып жатыр. Оқу-жаттығу барысында танк экипаждары жаттығулар орындап, өздерінің кәсібиліктерін шыңдауда.