Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 15 мың сәби дүниеге келген

Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 15 мың нәресте дүние есігін ашқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы күнге дейін 37 мыңдай қолдан ұрықтандыру әдісі жүргізілген. Жылда бөлінетін квота 7 мыңға дейін ұлғайыпты. Нәтижесінде 15 мың отбасында сәбидің іңгәлаған үні естіліп отыр. Ведомство дерегінше, Қазақстанда отбасылардың 15 пайызы бедеулік мәселесімен бетпе-бет келеді. Сол үшін жылына 20 мыңнан астам ерлі-зайыпты медициналық көмекке жүгінеді екен.

← Все новости