Перейти к содержимому
· 12 просмотров

8-сынып оқушысына құрдасы пышақ сұғып алған

Жетісу облысында 8-сынып оқушысы құрдасының қолынан қаза тапты. Жанжал кезінде бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қайғылы оқиға Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында болды. Марқұмның анасының айтуынша, бұған дейін екеуінің арасында ешқандай кикілжің тумаған. Араларына от салған 9-сыныптың баласы көрінеді. Өйткені ұлы сабақтан келген бойда, жоғары сыныпта оқитын оқушы хабарласып, сыртқа шығып кетші депті. Сосын екеуін шағыстырып, араларында жанжал шыққан. Төбелес кезінде күдіктінің қолында суық қару болған екен. Қайғыдан қан жұтып отырған ана оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрінің жауапқа тартылуын талап етуде.

САМАЛ МҰХАМАДИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Соңғы сабаққа дейін, 4 сабаққа дейін екеуі бір партада отырған екен, ешқандай жанжал болмаған. Нақты осы жерде менің баламды қосқанда 7 бала болып отыр. Соның барлығы, менің балам жоқ, өліп қалды. Осы 6 бала ішіндегі жаңағы Дархан жауапқа тартылсын. Және осыны арандатқан 9-сынып оқушысы бар екен. Әрқайсы жазасын алса екен деймін, әділ өтсе екен деймін, ешқандай бұрмаланбай.

Қазір қанды қылмысқа қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамалған.

РУСЛАН ШАРАПИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Білім беру ұйымы балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Жетісу облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.

← Все новости