Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Макарон шығаратын зауытта жұмысшы қаза тапты

Петропавлдағы макарон өндіретін кәсіпорында жұмысшы қаза тапты. Ол қамыр илейтін аппаратты тазалап жатқан кезде қондырғы кенеттен іске қосылып кетіп, айналып тұрған бөлшектер ішіне тартып әкеткен. 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құрып, полиция қылмыстық іс қозғады.

АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға былай болған: қамыр илейтін машинаны қалдықтан тазалау үшін құрылғыны тоқтатқан. Алайда жуу барысында аппараттың қалақшасы кенеттен іске қосылып, жұмысшыны ішіне тартып әкетеді. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

← Все новости