Перейти к содержимому
· 30 просмотров

Полиция қанды қылмысты тергеп жатыр

Қызылордада кафелердің бірінде болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Қазір полиция адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Марқұмның әпкесінің хабарлауынша, дәмханада інісінің досы мен диджей арасында түсініспеушілік туындаған. Кейін музыкант таныстарын шақырған көрінеді. Сөйтіп, есік алдына шыққан бауырын бірнеше адам жабылып соққыға жығып, жүрек тұсы мен арқасына пышақ жарақатын салған. Ақ халаттылар жігіттің жанына араша түсе алмады. Полиция департаментінің мәліметінше, қазір үш күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ӘЛТАЙ НҰРСҰЛТАН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғаға басқа да азаматтардың қатысы болуы мүмкін екендігі тексерілуде. Әрбір қатысушының рөлі мен қатысу дәрежесіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Тергеу барысы ПД ерекше бақылауында.

← Все новости