Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Қала инфрақұрылымы цифрлануы тиіс

Цифрландыру қоғамның маңызды бір бөлшегіне айналып үлгерді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қала инфрақұрылымына кеңінен тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге шаһарларды дамыту үшін нақты орта және ұзақ мерзімді даму жоспарын әзірлеуді тапсырды. Азаматтар толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды бір бөлігі. Осылайша еліміз ауқымды құрылыс алаңына айналуы тиіс. Бұл жерде әңгіме жекелеген жобаларға ғана қатысты болып отырған жоқ. Мемлекет басшысы еліміздегі ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстайтынын баса айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алайда қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімді даму жоспары болуға тиіс. Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс.

← Все новости