Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Дәрігерлердің еңбегі еленеді

Шымкенттегі перинаталдық орталыққа Құрылтай депутаттары бас сұқты. Дәрігерлермен жүздесуде Президенттің жолдауы егжей-тегжейлі талқыланды. Жиында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту мен ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері кеңінен сөз болды. Сала мамандарын қуантқан басты жаңалық — еңбекақының өсуі. Енді елдегі ең төменгі жалақы мөлшері артып, дәрігерлер мен медбикелердің еңбек өтіліне қарай қырық пайызға дейін үстемеақы қосылмақ. Бұл ауқымды өзгеріс отандық денсаулық сақтау саласындағы 77 мыңнан астам маманның табысын еселеуге жол ашады.

БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз қазір әрбір санатпен кездесіп жатырмыз. Ең бастысы, халықтың арасында Жолдауды оң қолдап жатқаны және де оны үлкен сеніммен қарап отырғаны бізді қуантып отыр. Себебі біз айтқан мәселелерді түсіндіргенде көбінесе сұрақ емес, ұсыныс айтып жатыр.

Соңғы уақытта кездесуге келетін тұрғындар мәселені іштерінде бүгіп қалмайтынын байқағанын айтты. Сәйкесінше, пікірлерін ортаға салып, талқылауды жөн көреді екен. Бұл құптарлық жағдай екенін халық қалаулылары да жасырмайды. Себебі ел ішіндегі мәселе ашық айтылатын болса, мінберде сол проблеманы көтеру оңай болады дейді.

← Все новости