Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Ауыр жүк көліктеріне ерекше нөмір тағылмақ

Елімізде салмағы 25 тоннадан асатын ауыр жүк көліктеріне ерекше түстегі мемлекеттік нөмір берілуі мүмкін.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Оның айтуынша, шамадан тыс жүк тиелген техникалар тас жолдардың тозуын тездетеді.

Тіпті ел аумағында салмағы 204 тоннаға жететін алып тіркеме де анықталған. Осыған байланысты транзиттік ағынды шектеу, таңбалау түсін өзгерту және қадағалауды күшейту ұсынылып отыр. Бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім қараша айының соңында белгілі болады.

Ақбөпе Тәңірбрген

 

← Все новости