Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Полиция майорының қызметкерін пышақтағаны рас па?

Оралда аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметкерін пышақтап тастады. Ол әріптесінің ішіне суық қаруды сұғып алған. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Оқиғаның жай-жапсарын Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіндегілер айтып берді. Құзырлы органның мәліметінше, бұл іске қатысы бар екі ер адам да дәл қазіргі сәтте ішкі істер органдарында жұмыс істемейді екен. Ал тергеу кезінде жәбірленуші «Жарақатты абайсызда алдым», – депті. Бұдан бөлек, тергеу аясында бұл оқиғаға тағы бір экс-полицейдің қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр екен. «Олар ішімдік ішіп отырғанда жанжалдасқан деген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», – дейді департаменттегілер.

← Все новости