Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді

Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен, триллиондаған теңгенің активтерімен өлшенбейді. Ұлттық байлықтың тағы бір өлшемі бар. Ол – тіл, мәдениет және рухани құндылық. Экономикалық дербестік елдің материалдық негізін қалыптастырса, ана тілі оның ұлттық болмысын айқындайды. Осы орайда Мемлекет басшысы қазақ тілінің қоғамдағы орны нығайып, отандық контенттің аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. 10 қарашада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 10-шы мерейтойлық құрылтайында Президент қазақ тіліндегі кітап, ән мен фильмдердің нарықтағы үлесі артып келе жатқанын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мысалы, былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылды. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты. Айтылған деректердің бәрі жұртымыздың арасында қазақ тіліне үлкен сұраныс тудырды. Бұл – өте қуанышты жайт, жақсы үрдіс. Осындай жұмысты күшейте беруіміз керек.

Бүгінде қазақ тілінің өрісі білім беру саласында да кеңейіп келеді. Еліміздегі мектеп оқушыларының 71 пайызы ана тілінде білім алады. Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қазақ бөлімдерінің саны да артып отыр. Тілдің тамыры тереңге жайылуы жас ұрпаққа оны жастайынан үйретуден басталады.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ тілін жастардың үйренуі бұл мектеп жасынан бастап кішкентай кезінен баланың санасына сіңіріп өсу керек деген ұстанымды ұстанамыз. Және де осы әр жыл сайын басқа өзге тілді мектептерде қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдердің басын қосып семинар жасауға жолға қойдық. Жыл сайын өткізіледі ол кісілерге қазақ тілін үйренудің жаңа әдістерін түрлі тәсілдері жасанды интеллектіні қолдану жастарды тілге қалай қызықтыратын осыларды сол қазақ тілі мұғалімдері арқылы өзге тілде оқытатын мектептерге жас кезінен баланың санасына сіңіру керек деп ойлаймыз.

Жасанды интеллект дәуірінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, әмбебап цифрлық сөздік әзірлеу, отандық әдебиет пен қазақша контентті қолдау – күн тәртібіндегі маңызды міндеттер. Жиында Мемлекет басшысы кейбір жасанды аудармалардың қолданысына күмән келтіріп, тілдің табиғи болмысын сақтауға назар аударды. Өйткені өзге тілді меңгеру өрісті кеңейтсе, ана тілін ардақтау – азаматтық парыз. Тілдің абыройын асқақтату бір күндік науқан емес, ел болып атқарар ортақ міндет.

← Все новости