Қазақстанда отбасы құндылықтары қалай өзгерді, қазіргі жастардың шаңырақтағы дәстүр сабақтастығына көзқарасы қандай? Астанада осы мәселелер төңірегінде дөңгелек үстел өтті. Сарапшылардың пікірінше, жаһандану кезеңінде ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас та, құндылықтар да, жанұядағы дәстүрлі тәрбие де жаңара түскен. Соның бір дәлелі – некелесу жасының заман талабына сай қалыптасуы. Сондықтан мамандар мұндай үрдіспен қоса отбасы институтында орнығып қалған ережелер де оңтайлана беретінін айтады.
ЭЛЬМИРА ОТАР, ҚҚДИ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір отбасын құрудың орташа жасы – 27-28 жаста. Бұл тенденция қалаға көшумен, урбанизация әсерінен, тұрмыс бар, тіршілік бар, жұмысты ұйымдастыру бар. Отбасы бұған саналы түрде жан-жақты ойлап, қамтамасыз ету арқылы материалдық қана емес, эмоциялық деңгейде ана, әке болу негізінде қалай жүзеге асырылатынын ойластырып, саналы түрде отбасына келетінін көріп отырмыз.