Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

«Қыркүйек» пен «қыргүйек» дауы шешіле ме?

«Қыркүйек» пен «қыргүйек» сөзіне қатысты дау Вице-Президенттің де құлағына жетті. Ерлан Қариннің сөзінше, қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, ондағы сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы аппарат жұмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай мәселені тиімді үйлестіру қажет, дейді ол. Осылайша, Қарин «қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу қажет» деген шешім шығарылғанын мәлімдеді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. Айта кетейін, 2013 жылы жарық көрген орфография сөздігінде «қыркүйек» «г» дыбысымен жазылған. Бірақ бұл дыбыс үндестігін көпшілік қабылдай қоймады.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет қай сөзді қалай жазу керек екеніне араласа алмайды, араласпайды да. Бұл – сала мамандары мен ғалымдардың жұмысы. Біздің міндетіміз – осы істі тиімді үйлестіру. Сол себепті елімізде тіл саясатын жүргізіп отырған мекемелердің басшылары мен белгілі ғалымдарды жинап, аталған тақырып жөнінде пікір алмастық. Талқылау барысында қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу қажет деген шешімге келдік. Ұсынылған еңбек Мекемеаралық комиссияда қаралып, бекітіледі. Бұл істе асығыстық танытуға болмайды әрі созып жүруге де уақыт жоқ.

← Все новости