Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Балалар шаңда доп теуіп жүр

Жарты ғасырдан бері балалар ойын алаңына жарымай келеді. Түркістан облысына қарасты Саналы ауылының ұл-қыздары шаңы шыққан алаңда доп теуіп жүр. Ал спорттық алаң атымен болмаған дейді жергілікті тұрғындар. Соған қарамастан ауылдың жасөспірімдері жарыстарда жүлделі орындардан көрініп келеді екен. Амалдың жоқтығынан көрші аудандарға барып, алаңдарды жалға алып футбол ойнауға мәжбүр. Жағдайларын жауаптыларға айтып шырылдағанымен, нәтиже жоқ деп налиды ел-жұрт.

АЛТЫНБЕК ЕСМАХАНОВ, САНАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Спорт кешені емес, бізге кішігірім мини-футбол алаңдары болады ғой, сондай салып берсе. Халық саны күрт өсуде, балаларын бір мезгіл ойнататын алаңша салып берсе. Жауаптылар Құдай қаласа болады деп келе жатыр. Ол қай уақытта болатыны әзірге белгісіз.

Мектептегі алаңның да сапасы сын көтермейді. Тіпті шөп басып кеткен. Доп тебу былай тұрсын, аяқ алып жүру мүмкін емес. Жергілікті атқарушы орган өкілдері ауылдық округке қарайтын елді мекендердің спорттық алаңын рет-ретімен жасап береміз деп ақталды. Дәл Саналы ауылына қаржы сұратып, орын белгілеп қойдық дейді.

ЕРЖАН ЮСУБЕКОВ, ДЕРМЕНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Саналы елді мекеніне футбол ойын алаңшасын сұратып отырмыз. Және балалар ойын алаңшасын келесі жылға жоспарда бар. Саналы елді мекеніндегі 10 миллион кіре ме? Жоқ, ол бөлек болады. Қанша сомасы? Оның сомасын әлі есептеп шығарған жоқпыз. Себебі сметаға құжат жасауға ақша бөлінуі керек.

← Все новости