Лейла Сұлтанқызы судья болып тағайындалды. Бұл сіздер білетін танымал медиа-тұлға емес. Құқық қорғау саласының кәсіби маманы. Бүгін Президент пәрменімен Конституциялық Соттың құрамы жасақталды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ең білікті деген 10 заңгерге сенім білдіріп, Жарлыққа қол қойды. Ал тізімге кімдердің кіргенін Ақорданың ресми сайтынан көре аласыздар. Жалпы Конституциялық сот немен айналысады десеңіздер: ол ұрыс-керіс, қылмыстарды қарамайды. Ата заңның сақталуын қадағалайтын, басқа заңдардың оған қайшы келмейтінін тексеретін тәуелсіз орган. Естеріңізге салсақ, өткен аптада Мемлекет басшысы Конституциялық Соттың Төрағасы лауазымына Эльвира Азимованы қайта тағайындаған еді.